Баймұхамбет Тоқтаров | өмірбаяны

0

Баймұхамбет Тоқтаров (1929—1970) 10 мамырда бұрынғы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қызыл әскер ауылында туған. 

 

1950—1955 жж. осы облыста комсомол қызметінде болады. 1955 жылдан бастап журналистік қызметпен айналысады. 1962 жылы КСРО Жазушылар одағы жанындағы Жоғары әдеби курсты бітіреді. Содан кейін «Жұлдыз» журналында көп жылдар бойы очерк және публицистика бөлімін басқарған. Бірнеше медальдармен марапатталған.

 

Шығармалары: Бақыт жолы. Повестер. А., ҚМКӘБ, 1955; Суретші. Повестер. А., ҚМКӘБ, 1959; Өмір жолы. Повестер. А., ҚМКӘБ, 1960; Жетісу жотасында. Роман. І кітап. А., ҚМКӘБ, 1964; Қырандар қанаты. Очерктер. А., «Жазушы», 1967; Таудағы ән. Роман. ІІ кітап. А., «Жазушы», 1971.