Баймағамбет Ізтөлин | өмірбаяны

0

Баймағамбет Ізтөлин (1899–1921)

 

Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққұрсақ болысы, Шәліңке ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) туған. 

 

Пресногорьков мектебінде, Троицкідегі «Уазифа» медресесінде оқыған. Өлең жазумен жастайынан айналысады. «Ала топырақ», «Жалғыз жілік», «Өкпеге жауап», «Өмірім», «Соғыс», «Айым мен күніме» сияқты жырлары ақын атағын шығарады.

 

Петропавл қаласында мұсылман бюросы мен қазақ-татар клубында жұмыс істейді. Федоров аудандық оқу бөлімінің нұсқаушысы болады. 

 

1921 жылы кулактар көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшыраған. 

 

Шығармалары: Өмірі мен шығармалары (Құрастырып, кіріспе сөзін жазған Сәбит Мұқанов), А., ҚМКӘБ, 1957; Таң сәулесі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981.