Байғожа Баязитов | өмірбаяны

0
59

Байғожа Баязитов (1929–1999) – 10 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм ауданы, Ақынтоғай ауылында туған.

1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Еңбек жолын Киров ауданындағы «Победа» мектебінде бастауыш сыныптарға мұғалім болып бастаған. Содан соң әр жылдарда Киров, Түркістан, Қызылқұм аудандарында, Арыс, Жетісай қалаларында орта мектептердің директоры, аудандық атқару комитеті жанындағы кәмелетке жасы толмаған балалар істері жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болған. Медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Мақта далам. Өлеңдер. А., «Жазушы» , 1966; Достар қаласы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Өркен. Әңгімелер. А., «Жалын», 1979; Түркістан саздары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1989.