Баят Жанатұлы | өмірбаяны

0

Жанатұлы Баят 1935 жылы 1 қыркүйекте Монғолияның Байөлке аймағының «Қызыл қайың» ауылында туған. 

1961 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтын бітірген. Байөлке аймағының жастар комитетінде, Қызыл қайың ауданының партия комитетінде жауапты қызметтер атқарған.

 

1960 жылдан бастап әдебиетпен шұғылданған. 

1976 жылы «Кестелі орамал», 1980 жылы «Меруерт», 1984 жылы «Қиян асулар» атты әңгімелер жинақтары шыққан. «Мен де кінәлімін», «Солдат сыры», «Айырылмас құшақ», «Айдарға тағылған айдар», «Біздің үйленуіміз», «Бажалар бас тырнаспайды» тәрізді драмалық шығармалары бар.

1992 жылы тарихи Отаны Қазақстанға көшіп келіп, 1993 жылдан 1997 жылға дейін Көкшетау қалалық «Көкшетау» газетінде тілші болған.

Монғолияның «Алтын жұлдыз», «Еңбек даңқы» және «Жастардың алтын медальдары» тәрізді орден, медальдарымен марапатталған.