Бағдат Мүбәрак | өмірбаяны

0

Бағдат Мүбәрак — 1978 жылы, 17 ақпанда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында, Ақтоғай селосында туған. Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің филология факультетін 1998 жылы тәмамдаған. Қалалық «Балқаш өңірі», облыстық «Орталық Қазақстан» газеттерінде және «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасында, «Қазақ радиосында» қызметтер атқарған. Облыстық, республикалық жыр мүшәйралардың лауреаты. 2009 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Жалын» баспасынан «Құсни хат» атты жыр жинағы жарық көрген.