Әзиев Әмен | өмірбаяны

0

Әзиев Әмен (1927–2003) — 6 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туған. 

1943–1949 жж. Қарқаралы аудандық соғыс комиссариатында қызмет істеген. 

1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. Университетте оқып жүріп республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде бөлім меңгерушісі, 1950–1952 жж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында кіші ғылыми қызметкер, одан кейін Қарағанды облыстық газеті редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, телестудия директоры, Қарағандының педагогикалық институтында, мемлекеттік университетінде, политехника институтында ұстаз, доцент болып істеген. Филология ғылымының кандидаты. Оның «Достық күші» деген тұңғыш әңгімесі 1957 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланды.

1968 жылы «Есіл ару» атты пьесасы Қарағандының облыстық драма театрының сахнасында қойылды.

Шығармалары: Өтелген өкініш. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Шапақ. Повесть. «Жазушы», 1968; Оянған ар. Повесть. А., «Жазушы», 1972; Жез таулар. Роман. А., «Жазушы», 1977; Қазыналы Сарыарқа. Тарихи зерттеу. А., «Қазақстан», 1978; Шұғыл тапсырма (жинақ). А., «Жалын», 1980; Мыс ошағы. Роман. А., «Жазушы», 1988; Медный пояс. Роман. А., «Жазушы», 1991; Жер жарасы. Роман. А., 1994; Ұлы дала ұлағаттары. Эсселер. А., «Санат»; Лик гения. «Өнер», 2000.