Ауыт Мұқибек | өмірбаяны

0

Ауыт Мұқибек – қазақтың ақыны. 1969-жылы 20 қаңтарда Шығыс Түркістанның Іле Қазақ автономиялы облысында дүниеге келген. 1993-жылы Іле Оқу-ағарту институтыны Қазақ тіл-әдебиет факултететін тамамдаған. Алғашқы еңбек жолын туған ауылы Ойманбұлақтағы орталау метепте әдебиет пәнінің мұғалімдігінен бастаған. 1995-1998- жылдар аралығында аталмыш оқу орнының директоры болған. 1998-жылы 24-қазанда Қазақстан Республикасына бір жолата қоныс аударған. Респубикалық балалар басылымы – «Балдырған» журналында бөлім редакторы, «Мәдени мұра» журналында, «Қазақ энциклопедиясында», әдеби қызметкер, С.Сейфуллин мұражайы ғылми бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филалы төрағасының орынбасары, «Abai.kz» ақпараттық порталының Елордадағы тілшісі болып жұмыс атқарған. Ақынның бұған дейін «Жас жүрек жайып саусағын», «Қалқатайға қарай-қарай талды көз», «Мөлдір», «Алпамыс текті ұл», «Көш, Көшке кім өш?!» атты кітаптары жарық көрген. Балалар әдебиетіне арналған «Дарабоз» бәйгесінің екі мәрте жеңімпазы. Қасым Аманжоловтың 100, Астананың 15, Қыздар Педагогика иниститутының 70 жылдығына орай жарияланған мүшайралардың жүлдегері.

Қазір Астана қаласында тұрады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз