Әуезова Ләйлә | өмірбаяны

0

Әуезова Ләйлә Мұхтарқызы (30.7.1929, Ташкент — 24.5. 1993, Алматы) — ғалым, тарих ғылым докторы (1975). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1952). Осы университеттің аспиранты (1952 — 1956), Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археологиялық және этнография институтынының ғылым қызметкері (1956 — 1962), 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Әуезов үйінің директоры болды. М.Әуезов шығармаларына арқау болған оқиғалардың тарихи негіздерін зерттеуге арналған ғылым еңбектері үшін оған Қазақстан Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығы берілген (1979).