Асылбек Абдрахман | өмірбаяны

0

Абдрахман Асылбек 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. ҚазПИдің тарихфилология факультетін бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болған. Аспирантурада оқыған, облыстық газетте, республикалық Қазақ радиосында, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған. Сондайақ, «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, Қазақстан Жазушылар одағының Жамбыл облыстық бөлімшесінде, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. «Заңгер» журналында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, ҚР Бас Прокуратурасының «Құқықтық Қазақстан» газетінің Бас редакторы болған, қазіргі кезде осы газетте бас редактордың орынбасары.

1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. 

Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегері.

Шығармалары: Жапырақтар. Өлеңдер А., ҚМКӘБ, 1961; Қиял қиясында. Аңыздар. А., ҚМКӘБ, 1963; Алтын дән. Ертегі А., «Жазушы», 1967; Алатау аясында. Ертегіпоэма. А., «Жазушы», 1969; Ғажап бала. Аңыздар, ертегілер. А., «Жазушы», 1969; Балам туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Әлемге үні тараған. Балладалар. А., «Жазушы», 1971; Көкорай көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Түрлітүрлі бала бар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Туысыңды таптың ба? Сатиралық өлеңдер. А., «Жалын», 1976; Светофор сыры. Өлеңдер. А., «Мектеп», 1977; Алтын арай. Өлеңдер, ертегілер. А., «Жалын», 1980; Ерден атайдың ертегілері. Ертегілер. А., «Мектеп», 1980; Достық балладасы. Балладалар. А., «Жазушы», 1981; Байқа, балақай. Өлеңдер. Әңгімелер. А., «Мектеп», 1982; Бәйшешектер. Ертегілер. А., «Мектеп», 1984; Хантау қойнауында. Деректі повесть. А., «Қайнар», 1982; Ақ тілек. Өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер. А., «Жалын», 1985; За тучами – солнце. Сказки. А., «Жалын», 1986; Сауысқанның сәлемі. Сықақтар, мысалдар. А., «Жазушы», 1986; Сыйқырлы сыбызғы. Ертегілер. А.,1988; Ақ моншақты аруым. Әндер. А., «Өнер», 1995; Шапағат шуағы. Өмірдерек. А., «Қайнар», 1997; Балбұлақ. Өлеңдер, ертегілер. А., «Рауан», 2000; Айдай сұлу аруым. Әндер. А., «Әуен», 2001; Әнші бала. Әндер. А., «Әуен», 2002; Сүйеді екем. Әндер. А., «Әуен», 2003, Биназар батыр. А., «Мария» 2004; Байғозы батыр. А., «Мерей», 2005; Құранға құрмет. А., «Асыл», 2007; И.А.Крылов. Мысалдар. «Аударма», 2008.