Асқар Сүлейменов | өмірбаяны

0

Асқар Сүлейменов (1938–1992) 

29 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданындағы Шорнақ ауылында туып, Созақ ауданында орта мектепте оқыған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін және сол институттың аспирантурасын бітірген. «Жұлдыз» журналында, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында, «Парасат» журналында қызмет істеген.

 

«Бесін», «Адасқақ», «Бесатар» прозалық кітаптардың, әдебиет және өнер жайлы жазылған көптеген мақалалардың авторы. «Арғымақ пен шабандоз», «Құлагер» киносценарийлерін жазды. «Кек», «Жазушымен жүздесу», «Жетінші палата» драмалары, «Болмыс пен бетпе-бет», «Кек» (2001) кітаптары жарық көрді. Ол Б.Брехтің, Е.Шварцтың пьесаларын аударған. 1996 жылы «Ситуациялар» триптихы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Жазушы туралы «Парасат падишасы» атты кітап шықты. Созақ және Сарыағаш аудандарында мектептерге ол кісінің есімі берілген.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз