Әше Қазыхан | өмірбаяны

0

Әше Қазыхан 1951 жылы 10 қыркүйекте дүниеге келген. 

1980 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін, 1997 жылы Қазақстан мемлекеттік Басқару академиясының экономика факультетін қызыл дипломмен бітірген. 

1967–1989 жж. аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда, «Мектеп», «Жазушы» баспасында жұмыс істеген.

1989–1995 жж. «Сөзстан» баспасының директоры, 1995–1996 жж. «Қазақ энциклопедиясында» Бас редактордың өндіріс жөніндегі орынбасары, 1996–1999 жж. «Бухгалтерлік есеп және аудит» журналында Бас редактордың орынбасары, 1999–2003 жж. республикалық «АраШмель» журналының Бас редакторы болып қызмет еткен. 

«Айшуақ әлем» атты мысал, аңыз, әңгімелер кітабы, «Материктердің физикалық географиясы» атты аударма («Мектеп», 1984), «Енді қайттім» сықақ әңгімелер («Жазушы», 1987), «Тәтті қауын» (1987), «Аялы алақан» («Қайнар», 1988), «Өзімнен де бар» атты сықақ әңгімелер мен повестер жинағы (1990), «Аспан мен ханзада және басқалар туралы» аудармасы (1992, «Рауан»), «Сөз сүйектен өтеді» сатиралық мақалмәтелдері, «Мұқанның мысқылы» (1997), «Сүйген жан кешірімді» (1996), «Сам виноват» (1996, орыс тілінде, «Сөзстан»), «Күлкі көңіл көркі» (2003) атты кітаптары жарық көрді. 1998 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығын алды. 

1989–1990 жылдары елімізде «ҚұранШариф» кітабын бастырған. «Иман шарт», ақ құранды аударған. «Мың жылғы арман», «Ағылшыншаорысшақазақша дипломатиялық терминдер», «Қазақшаағылшыншаорысша дипломатиялық терминдер» атты қосарланған кітабы 2007 жылы «Сөзстан» баспасынан жарық көрген.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).

Қайнар көз: http://writers.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз