Асғадулла Хамидуллин | өмірбаяны

0

Асғадулла Хамидуллин (1923–2001)

 

14 ақпанда Петропавл қаласында туған. 

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945–1975 жж. «Ленинская смена», «Казахстанская правда», «Индустриальная Караганда», «Сельская жизнь» газеттері редакцияларында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінде істеді.

 

Қазақстан КП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1975–1985 жж. «Қазақстан» баспасында қызмет істеген.

 

Көптеген очерктердің, орыс, қазақ, татар әдебиеттері жөніндегі мақалалардың авторы. Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің, І.Есенберлиннің «Қатерлі өткел» романының теледидарлық инсценировкасын жасаған.

 

Ш.Усмановтың «Путь Легиона» (1973, 1975) повесін, А.Расихтың «Ямашев» романын татар тілінен орысшаға, сондай-ақ А.Бәзілбаевтың публицистикалық очерктер кітабын қазақ тіліне аударған.

 

Бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.