Әнуар Тарақ | өмірбаяны

0

Әнуар Тарақ 1956 жылы 23 сәуірде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Шалкөде ауылында туған.

 

Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітіргеннен кейін 1980–1990 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1990–1992 жж. «Парасат» журналында, 1992–2000 жж. «Алматы ақшамы» газетінде қызмет істеген. Өлеңдері «Баспалдақтар», «Атамекен» деген ұжымдық жинақтарға енген. Бірнеше әндерге сөз жазған. 

1998 жылы «Өлең-толғаулар және тарихи жыр-дастандардағы Абылай хан тұлғасы» атты тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғаған. 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты болған. Қазір ғылыми, педагогикалық жұмыспен шұғылданады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз