Әнуар Әлімжанов | өмірбаяны

0

Әлімжанов Әнуар — (1930–1993) 12 мамырда бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқанд ауданындағы Қарлығаш ауылында туған. Алдымен шешеден, 1941 жылы әкеден жетім қалған ол интернатта, балалар үйінде тәрбиеленіп, білім алған. 

 

1949 жылы Лепсі педагогика училищесін, 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. Жазушы өзінің журналистік қызметін облыстық «АлмаАтинская правда» газетінен бастаған. 

 

1955 жылы наурыз айынан бастап «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, кейінірек «Ленинская смена» газеті редакторының орынбасары, Қазақстан және Қырғызстан республикалары бойынша «Правда» газетінің тілшісі, «Қазақфильм» студиясының Бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы, республикалық тарихи ескерткіштер мен мәдениетті қорғау жөніндегі Қазақ қоғамы Орталық кеңесі президиумының төрағасы, КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. 

 

Жазушы Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі комитеттің, Африка халықтарымен достықтың Қазақ Ассоциациясы Президиумының, Африка халықтарымен достықтың Ассоциациясы Басқармасының мүшесі, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болды. 

 

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Құрмет Белгісі», Халықтар Достығы ордендерімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.

 

Шығармалары: Белый друг, желтый друг, черный друг. Очерк. А., ҚМКӘБ, 1958; Когда встречаются друзья. Очерк и рассказы, А., ҚМКӘБ, 1959; Вечные корни. Очерки и рассказы, А., ҚМКӘБ, 1960; Пятьдесят тысяч миль по воде и суши. Очерки и рассказы. А., ҚМКӘБ, 1962; Пылающее копье. Очерки и рассказы. А., «Жазушы», 1976; Караван идет к солнцу. Повесть, А., ҚМКӘБ, 1963; Синие горы. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1964; Сувенир из Отырара. Повесть А., «Жазушы», 1966; «Мость Карасункара». Повесть. А., «Жазушы», 1969; Стрела Махамбета. Роман. А., «Жазушы», 1969; Гонец. Роман. А., «Жазушы», 1974; Возвращение учителя. Роман. А., «Жазушы», 1978; Избранные в 2х томах. А., «Жазушы», 1979; Көгілдір таулар. Повестер. А., «Жалын», 1982; Дороги людей. Роман. М., «Советский писатель», 1984. Бұл кітаптардың басым көпшілігі Алматыда қазақ тілінде, Мәскеу баспаларында орыс тілінде басылды.