Анатолий Блинский | өмірбаяны

0

Анатолий Блинский 1936 жылы 19 шілдеде Орал қаласында туған. 

1962 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік педагогика институтын бітіреді. Ауданаралық «Красный луч» газетінің әдеби қызметкері, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, облыстық «Приуралье» газетінің әдеби қызметкері, Ақтөбе облысы бойынша «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі, әдеби қызметкері, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті екінші хатшысының көмекшісі, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі қызметтерін атқарды. Кейін Мәскеуге партиялық қызметке ауысқан.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары: «Первопроходцы пустыни» (1971, очерк); «Кипяток бесплатно»; «Государственный человек» (1972, очерки); «Устюртский меридиан» (1973, документальный повесть); «Ключ от пустыни» (1971, документальный повесть); «Поклонись Мугоджарам» (1977, повесть); «И жизнь в придачу» (1986, повести).