Әміртай Бөрі | өмірбаяны

0

Әміртай  Бөрі (1946–2005) — 16 қарашада Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Қызтоған ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін 1968 жылы бітірген соң, қазіргі «Ұлан» («Қазақстан пионері»), 1970–1976 жж. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақ телестудиясында редактор, «Қазақфильм» ұлттық компаниясының аударма фильмдер бірлестігінің Бас редакторы болған.

Жазушының тырнақалды туындысы – «Ақ бидай» романы 1968 жылы «Лениншіл жас» газетінде, басқа да баспасөз беттерінде үзінді ретінде жарық көрді. Бұл туынды «Жазушы» баспасынан 1976 жылы шықты. 

1976 жылы республикалық жабық бәйгеде «Мейір гүлдеген жерде» повесі екінші сыйлыққа ие болып, «Жалын» альманахында жарияланды. 

1977 жылы «Жалын» баспасынан «Алматы әңгімелері» повестер жинағы, «Өнер» баспасынан «Арманына жолыққан адам» ғұмырнамасы шықты. «Кел біздің ауылға», «Ештен кеш емес», «Кіндік шеше» пьесаларын жазды.

Қазақстан кинематографиясының үздігі. Жүзден аса көркем фильмдерді аударды. Сондайақ М.Әуезов, Ж.Жабаев, С.Мұқанов, М.Жолдасбеков туралы, т.б. деректі фильмдердің сценарийін жазды. «Доңыз деген не?» мультфильмінің сценарийі үшін жабық бәйгеде екінші жүлдеге ие болды. Орыс жазушылары А.Чеховтың «Дұшпандар», В.Бубнистің «Шалғы шыңылы» әңгімелерін қазақ тіліне аударған.