Әмина Шалабаева өмірбаяны

0

 

Әмина Шалабаева (1916–1994)

10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданының Ақмола ауылында туған.

Бастауыш мектепті бітіргесін, 1932–1934 жж. Омбы қаласына қарайтын Шарбақты ауданындағы Қызылағаш ауылында жаңадан ұйымдасқан бірлестікте тәбілші болған.

1934–1938 жж. Алтай өлкелік «Қызыл ту» газетінде (Новосібір қаласында шығып тұрған) корректор боп істеген.

1940–1944 жж. Алматы педагогика училищесінде оқыған. Осы кезеңде қазақ радиосында дикторлық қызмет атқарған. 1948 жылы Алматы мемлекеттік қыздар институтын бітірген. А.С.Пушкин атындағы республикалық кітапханада, 1949–1956 жж. «Қазақ елі» («Жаңа өмір») журналында, 1956–1973 жж. «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Алғашқы бір топ өлеңі жас ақындардың «Жас қанат» жинағында жарияланған. Тұңғыш жинағы «Менің қарлығашым» 1962 жылы шыққан.

Шығармалары: Күн қызы. Дастан. А., «Жазушы», 1966; Тау бұлағы. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1968; Әнші қоңырау. Поэма. А., «Жазушы», 1974; Сайран дәурен. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1981; Құс жолы. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1985.