Амантай Байтанаев | өмірбаяны

0

Амантай Байтанаев (1922–2008) — 10 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан қаласында туған. Ұлы Отан соғысына қатысып, ауыр жараланған соң, 1944 жылдың көктемінде елге оралады. 1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. Республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінің редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім бастығы, жауапты хатшы, Қазақстан Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болып істеген. 

1958 жылдың күзінде Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы әдебиет институтының жанынан ашылған екі жылдық жоғары әдебиет курсын бітіріп келіп, Қазақстан Жазушылар одағы аппараты қазақ прозасының әдеби кеңесшісі, «Жазушы» баспасы проза редакциясының аға редакторы, меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары болған.Көптеген повесть, романдары жарық көрді. Бірнеше шығармасы орыс тілінде жеке кітап боп шықты.

Шығармалары: Болат. Повесть, А., ҚМКӘБ, 1954; Ерденнің басынан кешкендері. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1957; Асан. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1959; Жаңбырлы дала. Роман. А.,»Жазушы», 1965; Қайнар бұлақ. Роман. А., «Жазушы», 1968; Таңсәрі. Роман. А., «Жазушы», 1969; Қансонар. Роман. А., «Жазушы», 1980; Қыран самғауы. Роман. А., «Жазушы», 1976; Дала сыры. Повестер. А., «Жазушы», 1982.