Амантай Ахетов | өмірбаяны

0

Амантай Ахетов 1947 жылы 23 мамырда Көкшетау қаласында туған. ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Көкшетау облыстық газетінде бастап, 1980 жылға дейін әр түрлі жауапты қызмет істеген. Одан кейін мемлекеттік телерадио және мемлекеттік баспа комитеттерінде, «Азия дауысы» газетінде, ҚР Бұқаралық ақпарат министрлігінде, әр түрлі басқармаларда, бөлімдерде басшылық қызметтер атқарған. Қазір «Республика–2000» тәуелсіз қоғамдықсаяси газетінің Бас редакторы. 

17 төл туынды мен аударманың иесі. Шығармалары «Откровение», «Мой друг, мой брат» жинақтарына енген. «Книга покаяния» (1989), «Судный день» деген өлең кітаптары, «Три Георгия» деген романы бар. Шығармаларын негізінен орыс тілінде жазады.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз