Амангелді Жылқышиев | өмірбаяны

0

Жылқышиев Амангелді 1940 жылы Атырау қаласында туған. Атырау педагогикалық институтының тарихфилология факультетін бітірген. Институт бітіргеннен кейін Мақат ауданы мектептерінде мұғалім болды. 

1966–1988 жж. Мақат аудандық «Мұнайшы» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшы, редактордың орынбасары міндетін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағының Атырау облысындағы әдеби кеңесшісі, қалалық «Қазақ тілі қоғамының» төрағасы және Мақат аудандық әкімшілігінде бас маман болып, аудандық «Мақат тынысы» газетінде қызмет еткен.

«Жалын» баспасынан «Тұңғыш» (1981), «Туған жер толғауы», «Өлке» баспасынан «Таң самалы», «Шарболаттай шыңдалған» (2004) атты жинақтары шықты. Бір топ өлеңдері «Тоғыз перне», «Мерейлі мекен» ұжымдық жинақтарына енді. 2008 жылы «Атырау – ақпарат» баспаханасынан шыққан «Асыл әнім» ұжымдық жинағына шығармалары енген.