Home Қазақша өмірбаян Аманғазы Кәріпжан | өмірбаяны

Аманғазы Кәріпжан | өмірбаяны

0
233

Аманғазы Кәріпжан 1964 жылы бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызылкесік ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетінде оқыған. Желтоқсан оқиғасына байланысты оқудан және комсомол қатарынан шығарылып, қауіпсіздік комитетінің тергеуіне алынады. 1992 жылы журналистика факультетін тамамдайды. 1993 жылдан республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 1995 жылдан қазақ теледидарында редактор қызметін атқарып келді. Өлеңдері республикалық газет-журналдар мен Қытай Халық республикасында шығатын «Шұғыла» журналында жарияланып келеді. «Жаралы Желтоқсан» («Жалын», 1995) жыр жинағының авторы.

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Шақшақ Жәнібекке арналып Қазақстан Жазушылар одағында өткен жыр мүшәйрасының бас жүлдесін, Бұқар жырауға арналған республикалық жыраулар байқауының үшінші жүлдесін және бірнеше ақындар айтысының жүлделі орындарын иеленген. Сазгерлер байқауы, «Жігер», «Жігіттің сұлтаны», «Студенттер көктемі» сияқты фестивальдерге қатысқан. 1995 жылдан теледидар саласында суырыпсалма ақындардың өлеңмен жүргізілетін «Қазақ деген ақын халық», сондай-ақ мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, өзге ұлттардың қазақша өнері сияқты әдебиет пен мәдениеттің тағы да көптеген саласына арналған жанрлық сайыстардың басын біріктірген авторлық бағдарламаларын жарыққа шығарды.