Әлқанұлы Тұрсынқан | өмірбаяны

0

Әлқанұлы Тұрсынқан 1956 жылы 22 қарашада Қытайдың Алтай аймағына қарасты Жеменей ауданында дүниеге келген. Қытай қазақ жазушыларының көрнекті өкілі Тұрсынқан Әлқанұлы 32 жыл ұстаздық ұлы еңбекті кәсіп етеді. Журналистиканың да жолын қуа білген ол «Бір тамшы жас», «Ұстаның ұлы», «Жүрек мәңгі қартаймайды», «Тез басында» атты әңгіме-повестер жинағын және ғылыми зерттеу еңбегін дүниеге әкелді. «Бір кезде кіп-кішкентай бала едің» романы да жарық көрген жазушының туындылары еліміздегі «Жалын», «Парасат» сияқты үлкен басылымдарда да жарияланған болатын.

Алпысты аса алмаған жазушының қаламынан туған 5 роман, 17 повесть, 117 әңгіме, 54 өлең, 25-ке тарта киносценарий және қойлымдардың сценариі, 100-ге жуық ғылыми зерттеу мақала оның мәңгілік ғұмырын жалғап, артында қалды.

Қаламгердің қолына қалам алғаннан бері жазған еңбектерін Қаламгер.com (www.halamger.com) атты өзінің жеке блогынан оқи аласыздар.

Қайнар көз: http://baq.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз