Алма Түсіпбекова | өмірбаяны

0

Түсіпбекова Алма Ақылбайқызы – 1978 жылы 17 қыркүйекте Қарағанды облысында туған. 1999 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2004 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің Заңтану мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы 2003 жылы  Жезқазған қаласының №22 орта мектебінде  қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ берген. 2005 жылдың желтоқсанынан бастап Қарағанды облыстық сотының бас маманы, баспасөз қызметінде жұмыс атқарған. Адал және мінсіз қызметі үшін 2012 жылы ҚР Жоғарғы Сот Департаментінің «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2013 жылдың бастап ҚР Жоғарғы Сотының бас консультанты, бүгінде «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Бюллетенінің» бас редакторы. Республикалық және жергілікті басылымдарда сот жүйесіне қатысты және әр алуан тақырыпта мақалалары, өлеңдер, әңгіме, очерктері жарияланып келеді.

2009 жылы Қарағанды қаласында өткен «Қасым Аманжолов атындағы мүшәйраның лаураты, 2014 жылы республикалық «Фариза Оңғарыснова» атындағы мүшәйраның жеңімпазы.

2015 жылы «Жанарымдағы жазу»  атты кітабы жарық көрді.