Әлімқұлов Нұрсұлтан | өмірбаяны
Әлімқұлов Нұрсұлтан (1928–1982) — 14 наурызда Алматы облысының Қаскелең қаласында туған.
1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Көп жылдар бойы республикалық, облыстық газет редакцияларында, Қазақ радиосында, баспаларда қызмет істеген.
1957 жылдан бірыңғай шығармашылық қызметпен айналысты. Халыққа кең тараған тамаша ән мәтіндерінің авторы, осы тақырыпта жарияланған түрлі бәйгелердің бірнеше дүркін жүлдегері болды. «Оңтүстікте ақ мақта» әнінің сөзі үшін оған республикалық Жамбыл атындағы сыйлық берілген.
Шығармалары: Барабаншы қоян. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жалын», 1976; Баспалдақтар. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982; Таң самалы. Ән өлеңдері. А., «Өнер», 1984.
Қайнар қөз: http://www.writers.kz