Әлімқұл Данияр | өмірбаяны

0

Әлімқұл Данияр Ілиясұлы – 1990 жылдың 24 қазанында Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылында туған.  Сонда жүріп,  орта оқу орыны – А. Дәулетбеков атындағы қазақ мектебін бітірді. М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2005 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық «Жас қаламгер» фестивалінің лауреаты.  2008 жылдың аяқ тұсы – Жамбыл облыстық «Ар-Ай» жастар газетінде тілші. 2010 жылы «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы Жамбыл облыстық филиалында редактор-тележүргізуші. 2011 жылғы Жамбыл облысы әкімінің степендианты. 2011 жылы өткен Республикалық «Махаббат мүшайрасы» жыр-додасының бас жүлде иегері. Бүгінде Республикалық «Астана» арнасының Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі.