Home Қазақша өмірбаян Әлімқұл Бүркітбаев | өмірбаяны

Әлімқұл Бүркітбаев | өмірбаяны

0
169

Әлімқұл Бүркітбаев (1942–2003) – 16 наурызда Жамбыл облысының Шу ауданында дүниеге келген. Шу стансасының балалар үйінде тәрбиеленген. Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы дене тәрбиесі институтын бітіріп, біраз жыл сонда ұстаздық етті. Бокстан бес рет чемпион болып, Қырғызстанның спорт шебері атанды. Бұдан кейін туған топырағына оралып, спорт тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын қорғады, профессор атағына ие болды. Жамбыл облыстық спорт комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Оқу министрлігінде министрдің көмекшісі, Абай атындағы Қазақ педагогика институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Ағылшын, француз, неміс, қытай тілдерін жақсы білді. Пекин университетінің Шығыс медицина факультетін бітірген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына ие болды. Кезінде бокстан КСРО құрама командасының кеңесшісі болған ол спорт тақырыбындағы көптеген шығармалардың авторы, соның ішінде: Қ.Мұңайтпасов туралы «Қажымұқан» атты деректі кітаптың, «Мұғалім», «Қазақтың ат спорты», «Жетімек» кітаптарының авторы.