Әлімбек Қайрат | өмірбаяны
Әлімбек Қайрат (1963–2006) — 16 маусымда Алматы облысының Панфилов ауданындағы Үшарал ауылында дүниеге келген. 1985 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі БАҚта қызмет істеген.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1989 жылы «Жалын» баспасынан «Сезімнің гүлі» деген атпен жарық көрген. Одан бері ақын қаламынан «Жоқ іздеген жігітпін» (1994, «Жалын»–«Газет»), «Намыс найзагері» (2000, «Нұрлы әлем»), «Махаббатстан» (2003, «Үш қиян») өлең кітаптары туды. Бірнеше өлеңдері ұжымдық жыр жинақтарына енген. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері (1994).