Әлімбаев Шоқан | өмірбаяны

0

Әлімбаев Шоқан (1941–1990) — 6 маусымда Жамбыл облысының Асы стансасында туған. Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін 1965 жылы тамамдап, «Спорт» газетінде әдеби қызметкер, «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлық алқа мүшесі болып істеген. Алғашқы әңгімесі 1964 жылы «Простор», «Жұлдыз» журналдарында басылған. 

 

Ол фантастикалық әңгіме, повесть, роман жанрына қалам тартты. Бірнеше туындысы шетел тіліне аударылған.

 

Шығармалары: Даналық альфасы. Повесть. А., «Жазушы», 1967; Даналық формуласы. Роман. А., «Жазушы», 1982.