Әлімбаев Доскей | өмірбаяны

0

Әлімбаев Доскей (1850–1946) Ақмола қаласында дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері мен жырларында, айтыстарында көбінесе биболыстарды сынап, жарлыжақыбайлардың жоғын жоқтап, мұңын мұңдап сөйлеген. Халық арасында кең тараған батырлық жырларды, лироэпостық дастандарды, Шығыс елдерінен ауысқан ертегіаңыздарды жаттап алып, домбыраға қосып, ел ішінде айтып жүрген. Көптеген халық ауыз әдебиеті үлгілерін біздің заманымызға жеткізген. Сондайақ жас кезінде Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырайлармен кездесіп, олардың ақындық, әншілік өнерлерін үйренген. «Кенесары» дастаны – көркемдік қуаты күшті, рухты туынды. 

«Қарағанды» (1940), «Жүрегімде жаттаулы» (1941) атты өлеңдері мен толғаулары жарық көрген. 

1938–1943 жж. ақындардың облыстық, республикалық слеттері мен айтыстарына белсене қатысып, суырыпсалма түрінде көптеген өлеңдер шығарған.

1939 жылы ақынға «Қазақ КСРнің еңбек сіңірген өнер қайраткері» деген құрметті атақ берілген. 1940 жылы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Сол жылы республика жұртшылығы 90 жасқа толуын және әдебиөнерпаздық қызметінің 75 жылдығын үлкен мереке ретінде атап өтті.

Шығармалары: Толғау. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1941; Кенші жыры. А., «Жазушы», 1986.