Әлібек Байкенов | өмірбаяны

0
47

Әлібек Байкенов (1889–1944) – Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туған. Қиссадастандарды, Сыр бойы ақынжыршыларының шығармаларын көп білген. Қазан төңкерісінен бұрынғы ауыл өмірінен «Малшы бала» атты дастан шығарған. Кеңес дәуірінде жаңа тұрмысты, еркін еңбекті, халықтар достығын шабытпен жырлаған.

1943 жылы Алматыда өткен республикалық айтыста Орынбай Таймановпен өнер сайысына түскен. Нартай Бекежановтың концерттік бригадасы құрамында болған.

Шығармалары Қызылорда облыстық «Ленин жолы», республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жарияланып тұрған.

Шығармалары «Пернедегі термелер» атты Қазақстан халық ақындары шығармаларының жинағына (1965), «Айтыс» жинағының 3томына (1966) енген.