Әлхан Жүнісбек | өмірбаяны

0
68

Әлхан Жүнісбек 1945 жылы 4 желтоқсанда Ресейдің ПетропавловскКамчатский қаласында туған.

1950 жылы атамекені Түркістан өңіріндегі Шорнақ селосына қоныс аударған. Осы ауылдан орта мектепті бітіріп, ұжымшарда екі жыл жұмысшы, механизатор болып еңбек еткен.

1969 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін тамамдаған.

Екі жыл әскери борышын өтеп келген соң, аталған оқу орнында алған негізгі мамандығы бойынша құрылыс инженері болып қызмет атқарған.

«Күлкі бар ма?», «Күлкі – ғажап кеме», «Ертең кел» сияқты сатиралық жинақтардың авторы.