Алғадай Әбілғазыұлы | өмірбаяны
Алғадай Әбілғазыұлы, 1973 жылы 3 наурыз күні Алматы облысы Нарынқол ауданы Қақпақ ауылында дүниеге келген.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен-Дихан ауылының 8-жылдық мектебін 1988 жылы бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Құрылыс техникумына түскен.
1992-1994 жылдар аралығында құрылыс бригадирі, БТИ қызметкері болған. 1994-1999 жылдар аралығында ҚазҰУ-нің «Құқықтану» факультетінде, 2004-2007 жылдары «Дарын» әлеуметтік-гуманитарлық институтында «Психология» мамандығын оқыған.
2008 жылдан бері «Асыл арна» телеарнасында редактор-журналист болып қызмет етіп келеді. Үйленген, 4 баласы бар.