Алексей Дебольский | өмірбаяны

0

Алексей Дебольский (1916–1997) — 13 қаңтарда Украинаның Харьков қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының география факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 

1945–1954 жж. Совет Армиясы баспасөз органдары мен Германиядағы кеңестік әскери әкімшілігінде қызмет істеген. Шығармашылық еңбегінің бастауы – Берлиндегі «Тэглихе рундшау» газетінде (Германия тұрғындарына арналған кеңестік газет) неміс тілінде 1948 жылы жарияланған очерктер шоғыры. Бұл А.Гуммельс деген бүркеншік атпен жеке кітап боп шыққан (1949, Берлин). 50жылдардың соңы мен 60жылдардың басында А.Стражевский деген бүркеншік атпен орыс тілінде жазған, сондайақ неміс, ағылшын, француз тілдерінен кейбір шығармаларды орыс тіліне аударған. Осы кезеңде өзінің «Истина стоит жизни» (1960) романы мен «От Белого моря до Черного» атты жолсапар очерктер кітабын шығарды. Л.Кернектің «В Индии» (1956) атты очерктер жинағын, М.Лафайттің «Принцесса Клевская» (1959), Г.Нахбардың «Дурная примета» (1963) романдарын орысшалаған.

«Туман» романы (1971) және «Такое долгое лето» (1975) әзілсықақ повесі жарық көрді. «Простые смертные» романы «Простор», «Феникс» журналдарында жарияланды (1993–1994). 

1966–1977 жж. республикалық «Фройндшафт» газеті редакциясын басқарған.

Қызыл Жұлдыз, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен марапатталған.