Александр Скворцов | өмірбаяны

0

Александр Скворцов (1929–1976) 

Ресейдегі Омбы облысы, Новознаменко селосында туған. 1953 жылы Омбы ауыл шаруашылығы институтын, М.Горький атындағы әдебиет институтының сырттай оқитын бөлімін бітірген. 1955 жылы Алматыға көшіп келіп, республиканың ауыл шаруашылығы министрлігінде істеді, содан кейін «Простор» журналының редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жазушы» баспасының редакторы болды.

Қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударуда еңбек етті.

Шығармалары: Первое свидание. Стихи. А., Казгослитиздат, 1959; Звездные ливни. Стихи. А., Казгослитиздат, 1962; Новые стихи. Стихи. А., «Жазушы», 1965; Аленушка. Стихи. А., «Жазушы»,1969; Иду к людям. Стихи. А., «Жазушы», 1978.