Александр Шмидт | өмірбаяны
Александр Шмидт 1949 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жаңа Семей ауданы, Новопокровка селосында туған.
1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түседі, ал 1971 жылдан осы университеттің журналистика факультетінде оқиды. Талдықорған және Семей облыстық телерадио комитеттерінде істеген.
1981–1984 жж. «Жалын» баспасында әуелі редактор, кейін бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында орыс поэзиясы жөніндегі әдеби кеңесші, «Жазушы» баспасында аға редактор болды. Қазір Германияда тұрады.
Шығармалары: Земная ось. Стихи. А., «Жазушы», 1980; Родство. Стихи. А., «Жазушы», 1983.