Александр Самойленко | өмірбаяны

0

Александр Самойленко 1948 жылы 14 тамызда Алматы облысының Талғар қаласында туған. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Простор» журналының бөлім меңгерушісі, «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі болған. Қазір «Столичная жизнь» газетінің бас редакторы.

Бірнеше повесть, әңгімелер жинағы шыққан. Қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударумен шұғылданып жүр.

 

Аудармалары: Т. Иманбеков. Последняя охота. А.,»Жазушы», 1975; Х. Абдуллин. Узелки. А.,»Жазушы», 1978; К.Жумадилов. Последнее кочевье. Роман. А.,»Жазушы», 1983.
Шығармалары: Год журавлей. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1979;