Александр Елков | өмірбаяны

0

Елков Александр 1926 жылғы 1 сәуірде Ресейдің Новосибирск облысы, Сузунск ауданы, Плоцкое селосында туған. 

1943 жылы Душанбе қаласында 9 сыныпты бітіріп, Ленинград комедия театрының суретшідекораторының көмекшісі және сахна жұмысшысы болып істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 

Соғыстан кейін Джутов совхозында бастауыш мектептің мұғалімі, агрономтұқым маманы, Алматы құрылыстарында тас қалаушы, сүт комбинатында аппаратшы, баспахана жұмысшысы, мұғалім, агроном, музыкант, лаборант болады.

Алғашқы өлеңі 1948 жылы әскери «Во славу Родины» газетінде жарияланған.

Бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Солнечные будни. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1959; Рождение дома. Стихи. А., ҚМКӘБ, 1960; На восходе. Стихи. ҚМКӘБ, 1962; Голубая валторна. Стихи. А., «Жазушы», 1979; По тропам памяти. Стихи. А., «Жазушы», 1966; Поиск. Стихи. А., «Жазушы», 1970; Мужество. Стихи. А., «Жазушы», 1972; Капли марта. Стихи. А., «Жазушы», 1974; Круги. Стихи. А., «Жазушы», 1977; Восприятия чудо. Стихи. А., «Жазушы», За третьим перевалам. Стихи. А., «Жазушы», 1982.