Александр Бек | өмірбаяны
Александр Альфредович Бек (3.1.1903, Ресей, Саратов қ. — 2.11.1972, Мәскеу) — орыс жазушысы. Азамат соғысына және Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бектің алғашқы очерктері дивизиялық газетке басылды (1919). Тұңғыш көркем шығармаларының бірі — «Курако» повесі 1934 ж. жарық көрді. Кейін «Бір түннің оқиғасы» (1936), «Влас Лесовик» (1939) повестері, «Жас адамдар» (1956), «Жаңа қызмет» (1987) романдары жарык көрген. Бектің таңдаұлы шығармасы — «Волоколамск тас жолы» (1944) Ұлы Отан соғысының ең ауыр кезеңін, 1941 ж. Мәскеуді қорғаушылардың қаһармандык ерлігін шынайы баяндайды. Шығарманың басты кейіпкері — қазақ халқының даңқты ұлы, сол кездегі батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы. Оның ұлттық мінезі мен қаһармандық іс-әрекеті шығармада терең ашылып, көркем шешімін тапқан. Шығарма қазақ тіліне «Арпалыс» деген атпен басылып шықты (1948, 1959, 1977; ауданы Қ.Сағындықов). Ағылшын, француз, неміс, араб, италия, испан, еврей, грек, португал, финн (суоми) тілдеріне аударылып, әлемнің түпкір-түпкіріне кең танылған.