Алехо Карпентьер | өмірбаяны

0

Алехо Карпентьер и Вальмонт (исп. Alejo Carpentier y Valmont, 16 декабря 1904 жылдың 16 желтоқсанында Лозаннада дүниеге келіп, 1980 жылдың 24 сәуірінде Парижде дүниеден өткен) — кубалық жазушы, журналист, музыкант және музыкатанушы.

Кубалық ұлы жазушы Алехо карпентьенің есімі «Жер патшалығы», «Жоғалған іздер», «Әдістің құбылмалығы», «Қасиетті көктем», «Барокко концерті» сияқты роман-повестерімен оқырмандарға жақсы танымал. 1921-1922 жылдары шығармашылық жолын журналистикадан бастаған ол, өмірінің соңына дейін бұл кәсібінен қол үзген жоқ. Қарымды журналист әрі публицист  ретінде көпшілікке мәлім болды. Жасы ұлғайған шағында өткен өміріне байыппен қарай отырып, («Журналист – уақыт жылнамашысы» деген мақаласында) жазушылық пен журналистік қызметтің арасына қатал шек қоюшылықты ешуақытта түсінбегенін айтады.

«Күн сайынғы тіршіліктің бәрін зерттеп, болып жатқан оқиғанын ізінен қалмайтын, қауырт ақпаратпен жұмыс жасаушы журналист…»

Романист… керісінше, бәрін тұтастай қарастырғанда, мәнбіні толық меңгере алатын, философиялық түйін түйетін, пайымдауды жоққа шығармайтын, «талдау стиліне жүйрік қасиетке ие болу керек».

 

 

                       alemadebiety.kz