Әлдибекұлы Шаймерген | өмірбаяны

0

Әлдибекұлы Шаймерген (1939–2008) 10 қарашада Алматы облысының Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданындағы Қайнар ауылында дүниеге келген. 

1961 жылы Талғар ауыл шаруашылығы техникумының зоотехниктер даярлайтын бөлімін бітіргеннен кейін, ферма зоотехнигі, онан соң колхоз комсомол ұйымының хатшысы қызметтерін атқарған. 

1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітіріп шыққан соң, республикалық «Қайнар», «Жазушы», «Санат» баспаларында, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап сауда істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, Алматы облыстық радиосында қызмет істеген. Алғашқы өлеңдері жас ақындардың 1969 жылы жарық көрген «Жас керуен» жинағына енген.

Шығармалары: Шопан апа. Очерк кітабы. А., «Қайнар», 1970; Нөсерден соң. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жазушы», 1974; Қайнар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Бақыт жұлдызы. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Көгілдір көкжиек. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1987; Көгілдір таулар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1990; Болашақ чемпиондар. Балаларға арналған өлеңдер. А., «Балауса», 1994; Хантәңірі. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1997.

Қайнар көз: http://writers.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз