Әкімханов Мінуар | өмірбаяны

0

Әкімханов Мінуар 1943 жылы 17 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 

1970–1995 жж. Алматы облысы Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданындағы «Хантәңірі» (бұрынғы «Советтік шекара») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1996–1997 жж. мемлекеттік «Санат» баспасында редакторлық қызметтерін атқарды. 

1998–2004 жж. республикалық «Қазақ елі» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып қызмет істеген. 

2005–2006 жж. «Арыс» баспасында редактор болған. «Тұңғыш» (1978), «Шалқия» (1981), «Жырға сапар» (1984), «Жалғыз арша» (1998), «Айғай тас» (2004), «Қош келдің, қоңыр күз» (2006), «Шалкөде» (2008) атты өлең кітаптары жарық көрген. Әдебиеттің әр алуан мәселелері жайында жазған «Жер басып жүргеніңнің өзі – ырыздық» және «Айтып өлген ақында арман бар ма?» атты сырсұхбаты сыншығалым З.Серікқалиұлының «Алтын жамбы» (2003) атты кітабына енген. 

Райымбек ауданының Құрметті азаматы.