Әкім Ысқақ | өмірбаяны

0

Әкім Ысқақ 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылында туған. 

 

Шымкент педагогика институтының физика және Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 

 

1980 жылдан өзі оқыған Абай атындағы орта мектептің мұғалімі, 1990 жылы Бөген аудандық партия комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қызылорда, Шымкент, Жамбыл облыстарындағы меншікті тілшісі. 

 

1991 жылы халық депутаттары Шымкент облыстық кеңесінің баспасөз хатшысы, 1992 жылдан Ордабасы ауданы білім бөлімінің меңгерушісі болған. 

 

1995 жылы желтоқсанда баламалы негізде Қазақстан Республикалық Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. 

 

1999 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкері.

 

Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде, әрі Үкіметке баламалы негізде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы.

 

Балаларға арналған «Котлет» атты тұңғыш сықақ әңгімесі 1977 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылған. 

 

1989 жылы Самарқандта өткен Орта Азия және Қазақстан жастары өнер және поэзия фестивалінің лауреаты, республикалық «Жігер» фестивалінің дипломанты (1985), С.Ерубаев атындағы Шымкент облыстық Жастар сыйлығының лауреаты (1992). «Абзалдық әліппесі» атты кітабы бірқатар университеттер мен мектептерде пән ретінде оқытылуда. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 1997 жылы «Жыл адамы» атағын алған.

 

Философиялық тәлім-тәрбиеге негізделген «Жүректегі жазулар», «Адам іздеп жүрмін» атты эссе-кітаптары жарық көрген. Көптеген әндердің авторы. «Көңіл қымбат» (2008), «Досыма» (2009) атты ән-альбомдары, «Жүректегі жазулар» атты DVD жинағы жарыққа шыққан. Шығармалары орыс, өзбек, түркімен тілдеріне аударылған.

 

Ордабасы ауданының Құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

 

Шығармалары: Қарлығаш. Өлеңдер. Жас ақындар жинағы. А., «Жалын», 1987; Желтоқсан құрбандарын жоқтау. Ұжымдық жинақ. А., «Жалын», 1992; Бір физиктің махаббаты. Сықақ өлеңдер. «Жібек жолы», 1993; Айтшы, өмір. Өлеңдер жинағы. 1994; Үш жүздің басын қосқан Ордабасым. Тарихи танымдық кітап. «Жібек жолы», 1994; Абзалдық әліппесі. 1996; Гүл қауызындағы тамшы. Өлеңдер жинағы. «Нұрлы әлем», 1998; Адам іздеп жүрмін. Эссе. «Нұрлы әлем», 1999; Бақыт жолы. Әндер жинағы. 2001; Жүректегі жазулар. Эссе. «Сенім», 2002; Күн ұлымын. Өлеңдер. «Сенім», 2002; Жан жаңбыры. Өлеңдер. «Елорда», 2003; Бек. Эссе. 2004; Біздің Бапақ. Балаларға арналған сатиралық өлеңдер. «Ғасыр», 2005; Записки сердца. Эссе. 2002; Мелодий дождя. 2002;

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз