Әкім Тарази | өмірбаяны

0

Әшімов Әкім Үртайұлы (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте (Алматы қаласы, Стандарт көшесі, 18 үй, 5 пәтер) дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында бітірді.

1957 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогика институтының филология  факультетін  бітірді. 1957-1959 жылдары Жамбыл обылысы, Шу ауданы, Жаңа тұрмыс орта мектебінде орыс тілі мен әдебиет сабақтарынан білім берді. 1960-1962 жылдары Мәскеудегі жоғарғы кинематография курсында (КСРО  мәдениет министірлігінде) дәріс тыңдады.

1962 жылы «Литературный газет» (Мәскеу) Қазақстандағы меншікті тілшісі,

1964 жылдары “Қазақфильм” киностудиясында, бас редактор,

1970-1980 жылдары Қазақстан киногерлер Одағының бірінші хатшысы, КСРО киноматография Одағының хатшысы.

1980-1986 жылдары шығармашылық кезеңі.

1986-1990 жылдары Қазақстан жазушылар Одағының хатшысы

1991-1994 жылдары Мәдениет министірлігінің кеңесшісі

1993-1996 жылдары Қаржы-қаражат журналының бас редакторы

1994-2004 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры

2009 жылы Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің профессоры, Қазақстан жазушылар Одағының (2007) филиал жетекшісі.

Әкім Таразидың алғашқы  шығармалар жинағы «Ақбердінің ауласы»,»Бұлтқа салған ұясын», «Тасжарған» романы, «Қорқау жұлдыз» романы, «Шер», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай», «Тәж», «Жаңбырлы түндер» романдары,

Қазақ киносының алтын қорына қосылған кинотуындылары: «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-қараш», «Мұстафа Шоқай»

Қазақ театрларының сахнасындағы  драматургиялық шығармалары: «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт», «Ақын, періште, махаббат», «Індет», «Махамбет», «Лайнер», «Үкілі жұлдыз», «Қыз махаббаты» т.б.Жазушының бірқатар дүниелері орыс, қытай, поляк, болгар, ағылшын тілдеріне аударылды.

Әкім Тарази Н.Я. Бичуриннің «Орта Азияны мекендеген халықтардың көне  заманғы тарихы», «Мыңқолдың төрт ханы» тарихи ғылыми-зерттеу еңбегін

Ф. Рабленың «Гаргантюа және Пантагрюэль» романын алғаш қазақ тіліне аударды

1994 жылы «Құрмет белгісі» ордені, 1997 жылы «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» мемлекеттік  наградалармен,1999 жылы  Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, 2011 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты (Прага) атағына ие болды,  2015 жылы «Отан» ордені мемлекеттік наградамен марапатталды.