Әйтеке Байбекұлы | өмірбаяны

0

(1644–1700 жж.)

Қара қылды қақ жарған әділ де кемеңгер тұлға Әйтеке бидің шын есімі Айтық. Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Өзбекстанның Қазбибі тауында, Қызылша ауылында дүниеге келген. Тәуке ханның тұсында өмір сүріп, қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, біртұтас ел болуына ісімен де, сөзімен де зор үлес қосқан. Жоңғарлармен ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. Қазақ даласына көз тіккен көрші мемлекеттерден қауіптенген Әйтеке би Түркістанда өткен іргелі жиындардың бірінде, шегара аймақтарда «әскери соғыс әдістеріне үйретілген жасақтар ұстайық, шегараға таяу ауылдарды ішкі бетке көшірейік» деген ұсыныс жасайды. Ол, сондай- ақ «бүкіл қазақ жасағы бір қолбасшыға бағынсын, қолбасшы Ре- сей, Қытай, Түрік не Еуропаның әскери өнері жетік бір елінде оқытылсын», қолбасшы «қарадан шыққан адам болсын» деген де көреген ой айтқ