Айқын Нұрқатов | өмірбаяны

0

Айқын Нұрқатов  (9.9. 1928, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Шұқыркөл ауылы – 16.4.1965, Алматы) – жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі. ҚазПИ-дың филология факультетін (1950), аспирантурасын (1954) бітірген. Еңбек жолын 1950 жылы “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында сын бөлімінің меңгерушісі болып бастап, 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Әдеби зерттеулерінде сөз өнерінің көкейтесті мәселелерін, әдеби үрдіс пен әдебиеттер байланысын жан-жақты қарастырды, Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Шевченко, И.Байзақов, Х.Ерғалиев, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ғ.Орманов, т.б. қаламгерлер шығармасын сан қырынан талдады. “Абайдың ақындық дәстүрі” атты монографиясында Нұрқатов ақын шәкірттерін Абай дәстүрін жалғастырушылар және Абай үрдісін көркемдік-пішіндік тұрғыдан жалғаушылар деп екі топқа бөліп қарады. Нұрқатов зерттеулеріне логик. ой жүйелілігі, пікір айқындығы, тұжырымның дәйектілігі тән, оның еңбектерінде қоғамдық ой-пікір мен көркемдік эстетика талап ұштасқан.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз