Айманкүл Тәжібаева | өмірбаяны
Айманкүл Тәжібаева (1888–1952)
28 қарашада Қызылорда облысы, Қараөзек стансасында дүниеге келген.
Халық ақыны. Көрнекті ақын Әбділда Тәжібаевтың анасы. Ауыл молдасынан хат танып, қисса-хикаяттарды, Фирдоуси, Низами, Хафиз, Науаи, т.б. шығармаларын, Қазан, Уфа баспаларынан шыққан қазақ дастандарын оқып, парсы тілін үйренген. 1915 жылы жұбайы Тәжібай қайтыс болғанда шығарған жоқтауы, басқа да өлеңдері кезінде ауыл арасына кең тараған.
Өлеңдері 1937 жылдан жергілікті баспасөзде жариялана бастаған. 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан. Отан соғысы жылдарындағы жырлары «Ана үкімі», «Аттаныңдар, қыздарым», «Отпен ойнама, өлесің», т.б. шығармалары ақындардың жалпы жинақтарына енді, «Ана дауысы» (1948), «Ана сыры» (1955) деген атпен жеке кітап болып басылды.