Аян Нысаналин | өмірбаяны

0

Аян Нысаналин – 1942 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек (бұрынғы Шаян) ауданы, Жетімтау ауылында туған.

1961 жылы Алматы мемлекеттік кинотехникумын бітіріп шықты. Жетісай қаласындағы «Қазақстан» кең экранды кинотеатрының директоры, облыстық кинотарату мекемесінде төрағаның орынбасары болып еңбек етті. Аз уақыт ҚазМУ-де дәріс алып, 1969 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын тамамдаған. «Жас Алаш» газетінде (1972 — 1979) әдебиет пен өнер бөлімінің меңгерушісі, 1979— 1989 жж. Қазақ түтынушылар қоғамы одағының Кітап саудасы басқармасының бастығы, «Егемен Қазақстан» газетінде (1989—1999) бөлім редакторы болып қызмет еткен.

Тырнақалды туындылары 1961 жылы жарияланған. Тұңғыш жыр жинағы — «Көктем кешікпей ді» 1966 жылы жарық көрді. Содан кейін «Алыстағы алау» (1970), «Көзайым» (1972), «Күн қайдан көтермелі?» (1974), «Армысың, БАМ!» (1977), «Сүмбіле» (1978), «Иірім» (1982), «Тыныс» (1986), «Мәуе» (1990), «Үш пайғамбар» (1992), «Жансарай» (1999), «Гүлтәж» (2003), «Төрттаған» (2008), «Омарта» (2009) өлең кітаптары, «Параметры» (1993) атты орысша сын жинағы және толғамдары оқырмандар қолына тиді. Жекелеген шығармалары «Дала данышпандары», «Қажьі-мүқан қағанаты» атты жалпы анықтамалық-сипаттамалық жинақтарда жариялайды. Түрік, үнді, куба, эстон, молдован, иран және өзбек ақындарын аударуға ат салысты. Әбунасыр әл-Фараби, Низами, Омар Қайым (Хаям), Ю.Тувим, Б.Пастернак, В.Высоцкий, Ә.Науан, В.Пшавела, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Р.Тагор, А.Йожев және басқалардың еңбектерін, Антуан де Сент-Экзюпери шығармаларын түгелге дерлік, А.Камюдің «Калигула» драмасын тәржімалаған. Олардың ішінде кітап болып жарық көргендері: В.Пшавела. Өлеңдер (1971), Әбунасыр әл-Фараби. Трактат пен өлеңдер. (1974), Антуан де Сент-Экзюпери. Атажұрт. (1989), Қ.Сапарбаев. Сүю мен күю. (2007), Елібай. Аибай. Ай бо. (2009). Майкөттің «Жампоз» (2005), Т.Әлімқүлов туралы «Тұлпар тақілеттес тұлға (2008) жинақтарын қүрастырған. «Огонек» журналы (1971) «Жалын» баспасы мен Қазақстан Жазушылар одағының (1986), Қазақстан Кинематографистер (1988) және Журналистер одақтары (1990) сыйлықтарының лауреаты.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз