Ахметжан Аширов | өмірбаяны

0

Ахметжан Аширов (Ашири) 1938 жылы 20 тамызда Алматы облысы, Шелек ауданы, Малыбай ауылында туған. Панфилов педучилищесін, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымизерттеу институтының аспирантурасында оқыған. Біраз жыл республикалық «Коммунизм туғи» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы ұйғыр әдебиеті секциясының жетекшісі, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып істеді. 

Көркем творчествомен 1956 жылдан айналыса бастайды. Оның алғашқы әңгімелері «Таңғы самал», «Қилы адамдар» жинағына енді. 

Ал 1965 жылы село жастарының өміріне арналған «Осылай өмір сүргім келеді» деген тұңғыш повесі жарық көрді. Содан бері бірнеше кітаптары шықты. «Нұр ана» және «Жалғыз жалбыз» романдарында қазақ халқы мен ұйғыр халқының достығын шынайы көрсете білген. Шығармалары орыс, қазақ, өзбек, украин, қырғыз тілдеріне аударылды. «Өлмейтіндер», «Муқамшы», «Диқан», «Идиқұт» деген пьесалары республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрында қойылып келеді. Ол аударған Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтың «Ой, жігіттерай» және испан классигі Гарсиа Лорканың «Қанды құдалығы» да театрда қойылып жүр. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» және «Астана» медалімен, Қазақ КСРнің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Ильхам» Халықаралық сыйлығының лаураеты Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы. 

Шығармалары: Осылай өмір сүргім келеді. Повесть. А., «Жазушы», 1965; Мұны ұмыта алмаймын. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Солмайтын гүлдер. Повесть. А., «Жазушы»,1977; Жалғыз жалбыз. Роман. «Жазушы»; Нұр ана. Повесть. «Жазушы», 1988; Идиқут. Роман. «Жазушы», 2003