Ахмет Жүнісов | өмірбаяны

0

Ахмет Жүнісов (1926—1998) — 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Қызылтас ауылында туған. ҚХРдың Үрімші қаласында педагогикалық институтты бітірген. Үрімші қаласында шығатын «Шұғыла «журналының редакторы болған. 

1961 жылдан Семейдің Ақсуат селосындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген.

1995 жылдан өмірінің соңына дейін «Ана тілі» газетінде жұмыс істеді.

Шығармалары: Жанасыл. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1964; Өмір іздері. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1971; Аласапыран кез. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1978; Ақжелең. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1987; Екі ошақтың түтіні. Повестер мен әңгімелер. А., 1998; Пәниден бақиға дейін. Әдетғұрып әліппесі. А., «Жазушы», 2001; Боғда. «Фолиант», 2004.