Ахат Кендебай | өмірбаяны

0
163

Ахат Кендебай 1949 жылы 11 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Жаңа Күш ауылында туған. Осы ауылдан бастауыш мектепте білім алып, Бірінші Май елді мекеніндегі мектепинтернатта оқуын жалғастырған.

1974 жылы Алматы Мемлекеттік медицина институтының «Фармация» бөлімін тамамдаған.

1967 жылы орта мектепті аяқтаған соң Шымкент фосфор тұздары зауытында, Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, Большевик совхозында дәріхананың меңгерушісі, 1983 жылы Жетісай ауданындағы «Фармация» өндірістік кәсіпорнының директоры, 1997 жылдан Шымкент қаласындағы Дендрарий бағының басқарушысы қызметтерін атқарған.

Ақынның 2002 жылы «Замана желісі» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрген. «Ой тұтқыны», «Көгершін көңіл» атты жинақтардың авторы.